Алматыда 23 адам ата-ана құқығынан айырылды

Алматыда 23 адам ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Биыл 357 жасөспірім, сонымен қатар 380 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Бүгінгі таңда есепте 393 кәмелетке толмаған жасөспірім және 583 қолайсыз отбасы бар.

Қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 653 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Кәмелетке толмағанбалалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үйлерден тыс жерде (сағат 23.00-ден кейін) болғаны үшін 5 640 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова.

Биыл комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты түрлі деректер бойынша 250 материал қаралып, 23 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі шара қолданылды. Тағы 539 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.