ІІМ: Елімізде бір аптада 2 908 қылмыс тіркелді

Бір апта ішінде 2 908 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Бір апта ішінде 2 908 қылмыс жасалды, оның 1 853-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бес кісі өлтіруді, бес өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 33 тонау және 382 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифиңде.

Сонымен қатар ол Алматының түнгі клубтарының бірінде мефедрон сату кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталғанын айтып өтті. Синтетикалық препараттың дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген. Бірақ бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, көлік полициясының қызметкерлері көмір тиелген жартылай вагонда қарасора салынған рюкзагы бар Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Есірткінің жалпы салмағы 25 келіден асады. Күдікті қарасораны Шу станциясынан Шымкентке апаруға тырысқан.

Өткен аптада полицейлер 40 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 14 есірткі сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 245 келі есірткі тәркіленді. Оның 10,5 келіден астамы синтетика. Оларды дайындау үшін құрылған екі есірткі зертханасы таратылды, — деді ІІМ өкілі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да