Жер бетінде еркек қалмауы мүмкін

Оның есебінше, жыл сайын дүниеге келетін балалардың саны азайып, бес миллион жылдан кейін олар түбегейлі жойылады. Бұл жыныстар арасындағы айырмашылыққа жауап беретін Y-хромосомасының бұзылуы салдарынан болады. Грейвстің айтуына қарағанда, адам эволюциясы кезінде ол геннің шамамен 90 пайызын жоғалтты және бұл үдеріс жалғасып келеді.

Ерлер ДНК-сында XY жұбы, ал әйелдерде XX болғандықтан, әйелдер хромосомасы зақымданған бөліктерін алмастыра алады. Ерлерде мұндай қасиет жоқ. Сөйтіп, ерлердің гендері азайып барады. Бүгінде ерлердің Y-хромосомасында 100-ге жуық ген бар, бұрын оның саны 1000 және одан да артық болған.

Бүгінде әрбір 100 мың ер адамның арасында 4-5 ұл де Ля Шапеля синдромымен туады. Оларда Y-хромосомасы жоқ, ал ерлердің гені біреу болады немесе 2 X-хромосомасы болады. Де Ля Шапеля синдромы бар адамдардың сырт келбеті әйелдерге ұқсас, өкінішке қарай олар бала сүйе алмайды, деп жазады британияның Daily Mail газеті.

Дереккөзinform.kz