Түркияда жол апатынан атыраулық журналист қаза болды

Түркияда қазақстандық әйел мен оның екі жасар қызы жол апатынан қаза болды. Бұл туралы сыртқы істер минстрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жол апаты 3 қыркүйекте Алания қаласында болған.

Оқиға орнында 1989 жылы туған қазақстандық әйел мен оның екі жасар қызы қайтыс болған. Қаза болған әйел — қазақстандық журналист Арайлым Бағытжан, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаушысы.

Отағасы, 1986 жылы туған ер адам, ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, — делінген СІМ хабарламасында.

Отбасы Түркияға турист болып барған. Жергілікті TRT Haber басылымының хабарлауынша, жол апаты кезінде жеңіл автокөлік пен сафариге арналған көлік соғысқан.

Салдарынан үш адам қаза болған. Тағы 17 адам зардап шеккен.