Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлігінің басшылары телефонмен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастардың жай-күйі мен дамыту перспективаларын, оның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық туралы талқылады.

Оған қоса өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін тексерді.