”Астана Моторс” компаниясының құрамына кіретін SUBARU ресми дистрибьюторы көптен күткен жаңа көлікті   SUBARU WRX супер седанын таныстырды.

SUBARU WRX – 1992 жылдан бері өз тарихын жазып келе жатқан, аты аңызға айналған бренд моделі. 2022 жылы спорттық сипатқа ие талғампаз седан WRX-тың бесінші буынын таныстырып, брендтің сатылымға қатысты рекордын жаңартты.

Фото: Астана Моторс

2.4 литрлік бензин қозғалтқышы және 275 ат күші бар толық жетекті седанның нарыққа екі топтамасы ұсынылады алты сатылы механикалық беріліс қорабы бар WRX HIGH 2.4 және Subaru Performance деген айналмалы жылдамдық жетегі бар WRX HIGH EYEESIGHT 2.4. Айтпақшы, Subaru Performance Transmission 2021 жылы шыққан. Ол VTD деген орталық дифференциалмен және жаңа әрі спорттық беріліс қорабының жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе бұрынғы модельдегіге қарағанда жоғарыға 30%-ке, төменге 50%-ке жылдам ауысуға мүмкіндік береді.

SUBARU WRX
Фото: Астана Моторс

Дилер орталығына бұл көлік моделінің тек 60 данасы әкелінеді. Дистрибуцияның директоры Владимир Сошкиннің айтуынша, бұл шектеулі топтама жапондық зауыттан арнайы Қазақстан үшін әкелініп отыр.

WRX SUBARU-дың өзі үшін де ерекше модель. Оның өзіне тән ғана life style-ы мен сипаты бар: драйв, жылдамдық, күш-қуат пен адреналин көп. Сол себепті оның презентациясын Motor Fest-те – Қазақстандағы ең ірі автокөлік жанкүйерлерінің іс-шарасы өтетін ерекше аймақта өткізбекпіз. Презентацияның форматы да ерекше: брендтің стендінде моделдің бес буынын тіз қатар қойып, WRX- тің эволюция тұрғысынан қалай дамығанын көреміз, дейді Владимир Сошкин.

SUBARU WRX
Фото: Астана Моторс

MotorFest бірнеше жылдан бері автокөлік және Subaru  брендінің жанкүйерлерінің сүйікті орны. Олар WRX-тің бес буынының барлығы топтастырылған стендті құруға көмектесті. Оның бәрі әлі күнге дейін істеп келеді! SUBARU Қазақстанда алғаш рет 90-жылдары пайда болды және көбі үшін жастықтың, жылдамдықтың, жарқын сәттер мен қызық оқиғалардың символына айналды. SUBARU WRX ескі мен жаңа заманның вайбын үйлестіре білді. Оған қоса оның көліктері сенімді ұялатады.

Фото: Астана Моторс

Қазірдің өзінде ресми дилер орталықтарына SUBARU WRX көліктері әкелінді. SUBARU WRX көлігінің саны шектеулі екені оның лезде сатылып, таусылып қалатынының тағы бір дәлелі. Сол себепті брондауға асығыңыз!

Өтініштер ресми Subaru дилерлері, дистрибьютордың уеб-сайты және Mycar.kz сайты арқылы қабылданады.