Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Қайрат Құдайберген. Фото: Петр Карандашов

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін ұзартты.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды, яғни 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін, — делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 2022 жылғы сәуірде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.