Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады, — делінген хабарламада.
Жиында мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.