«Сахнагер — 2017» марапатының жеңімпаздары белгілі болды

Марапат он бес номинация бойынша берілді. Үздік деп танылғандарға 1 миллион теңге  сыйақы берілді.

Сонымен «Үздік режиссер» – Нұрқанат Жақыпбай, «Үздік драматург» – Мәдина Омарова, «Үздік актер» деп Дулыға Ақмолда танылды.

Сөз алған халық әртісі Асанәлі Әшімов актерлер деңгейі биіктеп келе жатқанын айтып, бірақ кәсіби режиссерлердің қатары аз екенін ескертті.

Айта кетейік, театр күніне орай бірнеше шара жоспарланған. Мысалы, Астанада Еуразиялық театр фестивалі өтеді. Қайрат Сүгірбеков атындағы жас режиссерлер форумы да күн тәртібінде тұр.

Дереккөз24.kz