Ұлытау облысында ереуілге шыққан шахтерлердің кейбір талаптары орындалады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақмыс» басшылығының өкілдері келіссөз жүргізу үшін шахтаға түсті. Нәтижесінде тараптар келісімге келді.
Көтерілген мәселелердің бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайды, — деп жазылған хабарламада.
Келіссөзден кейін кәсіпорындарда жұмыс жалғасты. Шараға қатысқан жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.
Еске салайық, жұмысшылар басшылықтан еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен еді. Онда ақшалай жәрдемақы, демалыс күндері, тау-кен техникалық тозған жабдықтарды жөндеу және медициналық сақтандыру мәселелері бар.