2 қыркүйекте Соса Сola Алматыда Coke Studio Fest атты күздің ең ауқымды музыкалық фестивалін өткізеді.
Coca Cola компаниясы ұйымдастырып отырған фестиваль «марафон» форматында өтеді. Кеш қонақтары: Akha, Arshat пен Qanay, Ayau, Artik пен Asti. Әлемдік жұлдыздар арасында кім басты орындаушы болатыны әзірге құпия.
Қала қонақтарын музыкалық бөлімнен басқа түрлі белсенді оқиғалар күтеді. Ол үшін Coca Cola мен фестиваль серіктестері ойын-сауықтар мен тосынсыйлар бар тақырыптық аймақтар ұйымдастырады. Сонымен қатар екі ірі фудкорт жұмыс істейді. Фестиваль Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Айта кетейік, фестиваль билеттерін сатып алуға мүмкіндік болмаса, төмендегі әдіспен ала аласыз:
- Алтын түсті қақпағы бар 0,5л Coca Cola Classic, Coca Cola Zero, Fanta немесе 0,5л Sprite сусындарын сатып алу
- Бөтелкедегі QR-кодты сканерлеп, ExtraZone қолданбасын жүктеп, онда тіркелу қажет (оны www.extrazone.com сайты арқылы істей аласыз);
- Алтын түсті қақпақтың астындағы кодты тіркеу;
- қажет мөлшерде ұпай жинап (60), оны Extrazone қолданбасында Coke Studio Festival Almaty электрон билетіне ауыстыру;
Билеттерден бөлек, ұпайларды басқа да сыйлықтарға алмастыруға болады. Акцияға 14 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.