Кейінгі аптада елімізде 355 төтенше оқиға орын алды

Кейінгі аптада елімізде 355 төтенше жағдай тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның 107-сі табиғи сипаттағы болса, 248-і техногендік.

Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 2 224 рет шықты. 284 адам, оның ішінде 55 бала құтқарылды. Эвакуацияланы — 201 адам (40 бала). Бір апта ішінде елімізде 278 өрт, 1 302 жану, 431 басқа тосын оқиғалар орын алды, — делінген хабарламада.

112 құтқару қызметіне 154 146 қоңырау келіп түсті және 134 дауылды ескерту жіберілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да