Алматыда Медеу ауданында тағы су болмайды

Алматыда Медеу ауданының аумағында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы «Алматы Су» кәсіпорны хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.

Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда жауын-шашынның салдарынан Медеу ауданы тұрғындары сусыз қалған еді.