Алматының кейбір аудандарында су беру уақытша тоқтатылды

Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған жауын-шашыннан кейін сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артқаны себеп болды.

Мына мекенжайлар бойынша су беру тоқтатылды:

  • Юбилейный шағынауданы;
  • Тау Самал шағынауданы (Каменск үстірті);
  • «ВИП Алем» коттедж қалашығы;
  • «Европолис» ТҮК;
  • Керей Жәнібек хандар көшесі;
  • Оңдасынов көшесі;
  • Ладушкин көшесі;
  • Оспанов көшесі;
  • Қыз Жібек көшесі;
  • Жәнібеков көшесі;
  • Найманбаев көшесі;
  • Достық даңғылы;
  • Чайкин көшесі.

Оған қоса мына мекенжайлар бойынша желідегі судың қысымы төмендеді:

  • «Көк Төбе» шағынауданы;
  • «Самал 1-3», ш/а;
  • «Таулы қырат» шағынауданының Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелері.

Тау өзендердегі судың лайлануы тазарған сайын сумен қамту қалпына келтіріледі.