Білім грантын жеңіп алмағандар әлі де ақысыз оқуға түсіп кетуі мүмкін. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
5 тамызда ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Министр есімі тізімі ілікпеген талапкерлерде әлі мүмкіндік бар дейді.
Грант жеңіп алмағандарға не істеуге болады? Әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге? Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі, яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар, — деп жазды министр Facebook–парақшасында.
Оның айтуынша, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған грантынан бас тартуы мүмкін. Бұл гранттар да қайта үлестіріледі.
Тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Сонымен қатар, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алу мүмкіндігі бар. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім, — деді депутат.