Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы жарияланды, Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Грант иегерлерінің тізімін министрліктің Telegram–арнасынан және ресми сайтынан көруге болады.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.