FlyArystan ақылы тіркеу қызметін уақытша тоқтатты

FlyArystan әуе компаниясы әуежайда халықаралық рейстерге ақылы тіркеу қызметін уақытша тоқтатты.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Лоукостер 3 тамыздан бастап әуежайда тіркелу қызметін ақылы еткен еді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде әуе компаниясын сынға алған адамдар көбейді. Бүгін компания ақылы қызметті тоқтататынын мәлімдеді.

Өкінішке қарай, халықаралық рейстерге арналған қызметті іске қосу кезінде лоукостер күтпеген қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты барлық мәселе шешілгенше осы қызметті енгізу жұмысы уақытша тоқтатылды. Әуе компаниясы әуежайда ақылы тіркеу қызметін сатып алған жолаушылардың ақшасын қайтарып береді, — делінген хабарламада.