Жамбыл облысында өрт 300 гектарға жайылды

Жамбыл облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 километр жерде өрт шықты.

Аспара-Меркі орман шаруашылығы үшінші-төртінші ормандары аумағында таулы аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр. Орман шаруашылығының мәліметінше, өрт 300 гектарға жайылған, — делінген хабарламада.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ және ешкім зардап шекпеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да