Алматыда өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі

Ақкенттегі өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы «Ayt housing Complex» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Компания марқұм Әсел Бекмұхамбетованың отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді. Сонымен қатар құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді.

Біз үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз, — деді құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев.

Ақкенттегі өрт шыққан үйдің лифтісі техникалық тексеруден өткеніне бір ай болмаған.

Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылғы 27 шілдеде жүргізілді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшамауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. 300 адам эвакуацияланып, 70 адам құтқарылды.

Сағат 18.46-да өрт сөндірілді.

Көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қаза болды.

Тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да