Бірінші класқа қабылдауға 340 мыңға жуық өтініш түсті

Қазақстанда 1-класқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілді. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші класқа қабылданды.

Министрліктің мәліметінше, өтініш берішулердің 70,7%-і мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.

Сонымен қатар бірінші класқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелген.

Құжаттарды қабылдау еgov.kz электрон порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды.