Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

28-29 шілдеде ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» мамандары 28-29 шілдеге арналған ауа рай болжамын ұсынды.

Атмосфера бөліктеріне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.

28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстік-батысында 40-43 градус қатты ыстық болады, — делінген хабарламада.