Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 2023 жылғы 22-24 шілдеге арналған болжамға сәйкес, республикада жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 22 шілдеде шығыста, 22-23 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі», — делінген хабарламада.

Астанада 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С. 23 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С. 24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда 22 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Оңтүстік мегаполисте түнде +21+23°C болады. Күндіз Алматыда ауа температурасы +33+35°С-қа жетіп, аптап ыстық болады. 23-24 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде +23+25°C, күндіз +34+36°C ыстық болады.

Шымкентте 22 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С. 23 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +36+37°С. 24 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Түнде +23+25°C, күндіз +38+40°C ыстық болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да