Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол жүрісіне өзгерістер енгізілді

Қауіпсіздік және кептеліс болдырмау мақсатында әл-Фараби даңғылында Желтоқсан (Батыс) көшесінен ҮААЖ-ға дейінгі бөліктегі реверсивті қозғалыс (бір жолдың қарама-қарсы қос бағытқа да өзгере беруі) 17 шілдеде сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін күшінде болады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі батыс және шығыс бағыттардағы көлік қозғалысына арналған жолақтардың санын қалыптасқан жол жағдайына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері айқындайтынын нақтылайды.

Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағыттағы (Батыс Желтоқсан көшесінен) көлік қозғалысы 18 шілдеде сағат 00.00-ден 07.00-ге дейін толығымен шектеледі, — делінген хабарламада.