Бұл туралы зерттеу есебі Корнелл университетінің кітапхана сайтында жарияланды.
Адамдардың түстерді көруіне қысқа, орташа және ұзын спектрдің оптикалық бөлігін ажыратуға 3 фоторецептор жауап береді және көз алдындағы бейне көк, жасыл және қызыл сияқты негізгі түстерді қисындастыру арқылы пайда болады. Бұндай көру қабілеті трихроматикалық деп аталады.
Ғалымдардың айтуынша, ұсынылған құрылғы адам көзі көретін спектр бөлігін көбейуге мүмкіндік береді екен.
Ол әскери істе камуфляж киген қарсыластарды тез табуға, саудағы жалған купюраларды ажыратуға зор үлесін қоспақ.