Басты бетЖаңалықтарЕсірткі сатумен...

Есірткі сатумен айналысқан күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Есірткі сатумен айналысты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 13 шілдеде Германия Федеративтік Республикасының үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген ер адамды экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды. Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Астананың тергеу изоляторына қамалды. Ол қылмысты жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.