Стратегиялық инвесторларды тарту жұмысын күшейту қажет. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында стратегиялық инвесторларды тарту жұмысын күшейту қажет. Инвесторлардың әрқайсымен тікелей жұмыс істеп, келіссөздердің әр сатысын бақылауға алу керек, — деді премьер-министр.
Үкімет басшысы министрліктер мен өңір әкімдіктері осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруы керек екенін айтты.
Алдымызда тұрған аса маңызды міндеттің бірі – бағаның өсуін тежеу. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде алты айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 14,6%-ке дейін төмендеді. Бірақ биыл инфляцияны екі есе төмендету керек. Бұл біздің бәрімізден үйлесімді және жүйелі жұмыстарды талап етеді. Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, инфляцияны жоспарлы мәнге дейін төмендету шараларын қамтамасыз етуі қажет, — деді Әлихан Смайылов.