Биылғы ҰБТ-да бес түлек 137 балл жинады

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде биылғы негізгі ҰБТ қорытындыларын айтты.

5 шілдеде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Жалпы ҰБТ электрон форматта, 43 тестілеу орталығында «бір компьютер – екі камера – бір тестіленуші» қағидаты бойыша өткізілді. ҰБТ-дағы маңызды артықшылықтардың бірі – әр бала екі мүмкіндігін қолданып, ең жақсы нәтижесін грант конкурсына жолдай алады, — деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл негізгі ҰБТ тапсыруға 166 мың талапкер 305 мың өтініш білдірген.

Олардың 162 мыңы ҰБТ-ның екі мүмкіндігін қоса есептегенде 291 мың рет тест тапсырды. Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 83%-іне тең. Былтырмен салыстырғанда бұл бірнеше есе жоғары. Былтыр 37% ғана болған. ҰБТ-ның орташа балы былтырмен салыстырғанда жеті балға өсті. Биыл орташа балл 73 болды. Бес адам ең жоғары көрсеткіш алды – 137 балл, ал 120 балдан жоғары алған балалардың саны – 2 868, — деді Қуаныш Ерғалиев.