Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, жылу желілерін жөндеу жұмыстарынан Гагарин даңғылында жол жабындысының зақымдалуына байланысты 30 маусымнан бастап №1 және №9 троллейбустың бағыты уақытша өзгерді.
Гагарин даңғылының Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлігінде №1 және №9 маршруттардың сызбасына уақытша өзгеріс енгізілді. Троллейбустар Тимирязев көшесінің батысымен – Розыбақиев көшесінің оңтүстік жағымен – Березовский көшеснің шығыс жағымен – Гагарин даңғылының солтүстік бөлігімен, одан әрі маршрут бойынша жүреді, — делінген хабарламада.
