Алматыда ашық аспан астында жастар музыкалық фестивалі Sxodim.Fest өтті. Бұл — танымал артистердің әнін жанды дауыста тыңдап, дәмді тамақ ішіп, көңіл көтеріп, ойын ойнайтын аумақ. Фестивальде Jusan қала тұрғындары мен қонақтарына арнап түрлі ойын ұйымдастырды және қоқыс тастамауға, эко-френдли болуға шақырды. Baribar тілшілері фестивальге барып, Jusan ұйымдастырған іс-шараларға куә болып қайтты.

Jusan-ның имидж жобалар жөніндегі тим-лиді Әсем Зәмзамнің айтуынша, банк командасы фестивальде екі ұстанымды ұстанған: қонақтардың демалысын қызық өткізу және артық қоқыс шығармау.

Sxodim.Fest — алматылықтар үшін үлкен іс-шара. Мұнда бәрі жаздың жаймашуақ күнінде демалуға келеді. Біз фестивальде екі түрлі іс-шара ұсындық. Біріншісі «Қонақтардың демалысы керемет өтуі үшін не істей аламыз?» деген сауалға жауап беруі керек. Бұл үшін ыстық күнде қонақтарға лимонад мен мұз салынған кофе 1 теңгеге сатылды. Jusan-ның картасы бар азаматтар сусынды сол сәтте-ақ сатып ала алды, ал картасы жоқтарға банк менеджерлері әп сәтте карта ашып берді, — дейді Әсем Зәмзам.

Jusan, Жусан
Фото: Jusan

Әсем қонақтар фестивальде зат сатып алатындықтан, төлем жүйесі де ыңғайлы болуы керек екенін айтты. Сол үшін фестивальдің барлық аймағында Jusan-ның пост-терминалдары қойылды: картамен немесе QR-мен төлеуге болады.

Jusan шығармашылық орта мен креатив экономикасын дамытуға күш салып жүр. Банк фестивальде қонақтарға арналған co-create аймақтарында кастом футболкаларын ұсынды.

Jusan, Жусан
Фото: Jusan

Адамдар сол аймаққа келіп, біз берген футболканы алып, өзі қалаған дизайнын жасады. Сосын сол футболканы, бар болғаны, 1 теңгеге сатып алып кетті. Тіпті, сол жерде тұрып-ақ киіп алып жатқандары болды. Кастом футболкаларын жасайтын екінші орында Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу сияқты қаламыздың әсем жерлерінің суретін ұсындық. «Алматы» деп жазылған өте әдемі қарпі де бар. Қонақтар сол суреттерді таңдап алып, жинап шығып, футболкасының дизайнын жасап алды. Мұндай футболканы 200-ден астам адамға сыйладық, — дейді Әсем.

Оған қоса банк қызметкерлері фестиваль қонақтарына футбол дартсы, тир, үстел теннисі сияқты ойын ұйымдастырған. Ойынды жеңгендерге бинбәгтен, жауын өткізбейтін шапаннан және тағы басқасынан тұратын мерч берілді.

Jusan, Жусан
Фото: Jusan

Фестивальдегі екінші мақсатымыз — қоқыс көлемін азайтуға күш салу. Фестивальде су құйып алуға болады, сол үшін қонақтарға көп рет қолдануға болатын бөтелкелер тараттық. Ал ең бастысы, эко-френдли брендті дамыту болды. Jusan кейінгі үш жылда экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік бағытты қолға алды. Біздің офистеріміз жасыл бағдарламаны қолдап, барлық қоқысты азайтуға тырысады. Ал фестивальде жарнама баннерлерімізден 10 шатыр жасадық, яғни ендігі қажет емес жарнама баннерларын лақтырмай, оларды қажетке жаратамыз: шатырды сәндейміз, сөмке тігеміз. Шатырлардың ішінде шам бар, ол күн сәулесінен алынған қуатпен жанып тұр, — дейді Әсем Зәмзам.

Jusan, Жусан
Фото. Jusan

Фестивальде банктің фотоаймағы да болды. Банк қатысатын іс-шараның бәріне осы фотоаймақ тасылады. Артық қоқыс шықпас үшін жаңасы жасалмайды, тек әр іс-шараның тақырыбына қарай дизайны өзгеріп отырады.

Фест қонақтары Jusan картасын жылдам ашып, ол арқылы төлем жасап, банк ұсынған жеңілдіктерді пайдалана алды. Jusan Bank-тің Алматы филиалы бойынша супервайзері Сымбат Пралиева картаның артықшылықтары туралы айтып берді.

Jusan картасы мультивалюталық, ол үш валютада, атап айтсақ, теңге, доллар және еурода ашылады. Қолданушылар қажет болса, рубльді қоса алады. Ал клиент тек вирутал карта қолданса, онда тіпті ақы төлемейді. Бұл карта, әсіресе, шетелде жүргенде өте тиімді. Оның үстіне қаражатты конвертация жасағаны үшін комиссия алынбайды. Ал жақында біз отбасының барлық мүшесіне арналған Jusan Family картасын іске қостық. Ол арқылы ата-ана баласына ақшаны жауапкершілікпен жаратуды, қаржы тұрғысынан сауатты болуды үйрете алады, — дейді Jusan Bank өкілі.

Бүгінгі фестивальде банк картасын 200-ге жуық адам ашты.