Астанадағы Ш. Уәлиханов көшесі үш күнге жабылады

Астанадағы Ш. Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ш. Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды. Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесі дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, — делінген хабарламада.