Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты.

Парламент палаталарының 2023 жылғы 20 маусымдағы бірлескен отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

  • «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының жолдауы туралы;
  • Қазақстан Республикасы үкіметінің және Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы;
  • Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссия туралы;
  • «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы (бірінші оқылым).