Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған өкім мәтінінде.