Түркістанда мемлекет басшысының қатысуымен ұлттық құрылтай басталды

Түркістанда президенттің қатысуымен ұлттық құрылтай басталды.

Президент жанынан құрылған ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркі халықтарының түпкі төрі Түркістан қаласында өтіп жатыр.

Алқалы жиынға қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар қатысып жатыр.

Еске салайық, ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өтті. Алқалы жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.