Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесіп жатыр.
ТЖМ төтенше жағдайды ауыздықтауға орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Төрт тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкімі бойынша күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр М.Күлдіков жіберілді, — делінген хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.