Алматының Наурызбай ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматының Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлімдеді.

12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек — Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз,- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, уақытша шектеулер «Премьер» қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.