Семейде Абай елді мекендерін цифрландыру аясында кең жолақты интернетке қосудың Жол картасы қабылданды. Жобаға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев қол қойды.
Аймақ басшысы атап өткендей, өңірде цифрландыру, оның ішінде байланыспен қамту және интернетке қосылу мәселелері бар. Әкімнің айтуынша, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Өңірде цифрландыруға басымдық беріп жатырмыз. Облыс әкімдігі мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар аясында жұмыстар жүргізіп, жобаларды жүзеге асырып жатыр. Цифрландырудың жарқын мысалдарының бірі – «Сергек» жобасы. Сонымен қатар жолаушылар қоғамдық көлікте жол ақысын электрон негізде төлейді. Семейдегі қоғамдық көліктер мұндай жүйемен 100% қамтамасыз етілген. Көптеген мәселелер оң шешімін тауып жатр. Бірақ өзекті мәселенің бірі – ауылдарда интернеттің жоқ болғаны, – деді Нұрлан Ұранхаев.
Бағдат Мусин алдағы уақытта осындай мәселе туындамас үшін жаңа шағын ауданның құрылысын жоспарлау кезеңінде қажет құрал-жабдықтарды орнату үшін алдын ала арнайы орындар қарастыру керектігін баса айтты.
Кейбір жерлерде іс жүзінде байланыс мүлде жоқ. Операторларға айыппұл салынды, олар үш ай ішінде кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Құрылысқа жер телімін бөлу және қажетті құрал-жабдықтарды орнатуға байланысты мәселелер туындап отыр. Бұл тұста әкімдіктің көмегі қажет. Сондықтан жаңа ықшамаудандарды жоспарлау кезінде жабдықтарды орнататын жер телімдерін алдын ала қарастыру маңызды, – деді министр.