Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.
Алтай Көлгінов 1978 жылғы 15 қаңтарда дүниеге келген.
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
- 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
- 2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.
- 2010-2012 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
- 2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
- 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
- 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
- 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.
- 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
- 2023 жылғы 3 сәуірде ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.