Елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді

Елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді. Оған мемлекет және үкімет басшылары, жетекші әлемдік сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

Жиында сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік, энергетика және климаттың өзгеруі сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Халықаралық форумның тақырыбы — «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында». Онда жаһандық сын-қатерлердің алдын-алу мәселелері талқыланады. Форумды ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырып отыр. Ал шараның техникалық операторы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы.

Шараға түрлі мемлекеттерден мыңға жуық делегат қатысады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Astana International Forum (@astanaintlforum)

Қатысушылар форумда 40-қа жуық іс-шараға қатысады. Атап айтқанда, панельдік сессиялар, бейресми пікірталастар мен конференциялар болуы көзделген. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикасына үлкен әсер етеді. Әрине ол тұрақты түрде инвестицияларды тартады. Бизнес туризімді дамытады. Ал жалпы болашақта шетелдік инвестициялар, содан кейін тығыз сауда экономикалық қатынастарды күшейтеді, — деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.