Басты бетЖаңалықтарАстанадан Анталияға...

Астанадан Анталияға жаңа әуе рейсі іске қосылды

Түркиялық әуе тасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Анталияға жаңа рейсін ашты. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.

Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.