Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрінің бұйрығы бойынша Ерғали Қуандықұлы Егемберді ҚР қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ерғали Егемберді 1977 жылы Шымкентте дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Лев Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын, Бостон университетін (АҚШ) бітірген.