Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбе бойынша Қазақстанның барлық аймағында күн жылы болады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына антициклон әсер етеді. Тек батыс облыстар мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ғана найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі, күндіз еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде термометр бағамдары +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.