Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапарда Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап, бірқатар кездесу өткізеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.