Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді.
Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері Air Astana-дан Fly Arystan-ды бөліп шығару нарық пен тарифтерге қаншалықты әсер етуі мүмкін екенін Питер Фостерден сұрап көрді.
Бұл мәселеге түсініктірек тоқталуға рұқсат етіңіз. Егер Fly Arystan-ды Air Astana-дан дереу бөліп шығаруды қарастыратын болсақ, онда тарифтерді төмендету туралы әңгіме болмайды. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін, — деді Питер Фостер.
Айта кетейік, Fly Arystan әуе компаниясын 2024 жылы бөлек заңды тұлға ретінде құру жоспарланып отыр.