Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД шеңберінде интернеттегі авторлық құқықты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.