Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

27 мамыр күні Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері “Interceptor” іздеу жүйесі арқылы Mersedec автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, — делінген хабарламада.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес, хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.