Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін бағалады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам – «тұрақты». Бұл туралы Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, едәуір активтер бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың ойынша, қазіргі шот профицеті 3,4%-ке жақсарғаннан кейін бұл жағдай 2024 жылға дейін сақталады. Оған қоса бұл соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ке дейін және 2024 жылы 4,8%-ке дейін өседі деп болжап отыр.