Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.

Татьяна Фоминованың айтуынша, вейпке тыйым салудың маңызы жоқ, себебі ол тек қағаз жүзінде іске асады. Ал вейптер жоғалмай, жай ғана «көлеңкегде» қалады. Мысалы, 2020 жылы қорқорға (кальян) тыйым салынса да, ол әлі күнге дейін кеңінен қолданылады және жемқорлықтың жайылуына себепші болып отыр.

Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс дүкен сөрелеріне темекі және никотин бұйымдарын, оның ішінде электрон шылымды орналастыруға және оларды балаларға сатуға тыйым салады, бірақ бірқатар себепке байланысты бұл шара жұмыс істеп жатқан жоқ.  Осыны ескеріп, жасөспірімдердің вейп қолдануын шектеп, бірақ ересектерді темекіні балама ретінде таңдау құқығынан айырмау, қолданыстағы заңдар мен ережелердің сақталуын қадағалау қисынды болар еді. Мысалы, Ұлыбританияда мемлекеттік бағдарлама аясында шылымнан бас тартқан темекі шегетіндерге тегін вейп ұсынады. Темекі никотин жану үдерісі есебінен тұтынудың ең зиян формасы екені ғылыми түрде дәлелденген.

Бар заңдар жұмыс істемегенде неліктен үнемі бір әдісті – тыйым салуды қолданамыз? Міне, вейпке қатысты да сол оқиға қайталанып отыр, қолданыстағы заңды реттеп, бірреттік вейптерді кәмелет жасына толмағандарға сататын дүкендерге рейд жүргізудің орнына тыйым салмақ, — деді Татьяна Фоминова.

Қоғам қайраткерінің айтуынша,  Ресейдің мемлекеттік Думасы вейптерге тыйым салуды қарастырған. Дегенмен Ресейдің және Қазақстанның кеден кеңістігі бірыңғай екенін ескерсек, тыйым салу контрабанда нарығын ұлғайтуы әбден мүмкін. Ресей де барлық аргументті назарға алып, вейпке толық тыйым салмай, тек реттеуді қатаңдату жолын таңдады, 21 жасқа дейінгі азаматтарға вейп сатуға тыйым салды.

Қазірдің өзінде көршілес елден шығу тегі мен сапасы белгісіз заңсыз өнім келіп жатыр. Бірнеше күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкерлері  Мемлекеттік табыс департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Достық» өткізу пунктінен үлестірмелі құжаттары жоқ электрон темекінің аса ірі партиясын өткізбек болған Қазақстан Республикасының үш азаматын ұстағанын хабарланған еді. Тәркіленген тауардың болжамды құны — 2,4 миллиард теңге. Ұсталғандар мен жүк Қорғаныс министрлігі Экономикалық тергеу департаментінің аумақтық бөлімшесіне тексеріске жіберілді. Мұндай жағдай жиі кездеседі.

Татьяна Фоминова өз петициясында іске аспайтын заңдарды көбейтудің қажеті жоқ екенін, мұның жемқорлыққа әкелетінін атап өтті. Оның орнына қолданыстағы тыйым неліктен жұмыс істемей жатқанын анықтап, оны ары  қарай жетілдіре түскен дұрыс екенін жеткізді.

Онда балаларға қауіпті болатын ересектерге арналған барлық өнімге тыйым салайық?! Ішімдікке тыйым салатын заң енгізейік, автокөліктерді қолданбайық, рецепт арқылы берілетін дәрі-дәрмекті сатуды мүлдем тоқтатайық. «Бұл балаларға қауіпті» деген желеумен бірталай тыйым тізіп бере аламын. Вейп — темекі шегетін ересектерге арналған өнім. Кішкентайлардың қолына тимес үшін олардың балаларға сатылмауын қадағалау қажет. Міне, жай ғана қарапайым нәрсе, — деді Фоминова.

Петиция темекі және никотині бар заттарды тиімді тұтынуды, қоғамдық денсаулық сақтауға зарар, экономикаға шығын келтірмейтіндей етіп реттеуді ұсынады. Оған қоса петицияда балалар мен жасөспірімдердің қолына тимейтін темекі және қыздырылмалы табак өнімдерін сатудың, сақтаудың тамаша тәжірибесі бары жазылған. Осы тәжірибені вейпке қатысты да қолдануды ұсынады.

Петиция: «Тиімсіз тыйымдарға қарсы». Қол қою!