— Татьяна, барлық вейпт бірреттік болсын-болмасын ересектерге арналған. Мектеп оқушыларын олардан қалай қорғау керек?

— Иә, бірреттік және көпреттік вейптер де ересектерге арналған. Бірақ келесідей жағдай қалыптасты. Алдын ала тіркеусіз сатып алуға болмайтын және мұқият жасырылатын қыздырылатын темекісі бар құрылғылар бар. Және де үйдің жанындағы дүкендерде еркін сатылатын және өзінің түрлі-түсті түрімен жасөспірімге «бізді сатып ал» деп еліктіріп тұратын «бірреттіктер» бар. Ал «бірреттіктің» бағасы – фастфудтегі комбо-сет сияқты.

Зерттеу нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында бірреттік вейптардың (подтардың) танымалдығы артып келеді. Негізгі себеп – олардың қол жетімділігі. Сонымен қатар бұл — тренд. Егер бір оқушы қызығушылық танытып алса, бір айдан кейін сыныптың жартысы бірреттік «булармен» жүреді. Олар түрлі-түсті, стильді, жемістердің немесе балмұздақтың сәнді дәмдеріне ие және бір қарағанда зиянсыз болып көрінеді. Қазіргі балаларға никотинге тәуелді болу біздің замандастарға қарағанда әлдеқайда оңай. Ал кейін тәуелділіктен бас тарту тіпті ересектер үшін де өте қиын – темекі шегушілердің жалпы санының тек 1%-ы ғана тастай алады.

— Мұндай жағдай дәрігерлерді, реттеуші органдарды алаңдата ма?

— Бұл жағдай туралы бұрыннан көп айтылып келеді, бірақ оны шешуге ешкім асықпайды. Бірақ қазір кейбір қоғамшылдар ұғымдарды алмастыруды қолдана отырып, екі өнімге де — бірреттіктерге де, қыздырылатын темекіге де тыйым салуға тырысуда. Ал қыздырылған темекі – әдеттегі темекі шегудің зияны азрақ баламасы болып табылады. Қазақстанда оған жарты миллионнан астам темекі шегуші көшті. Сондықтан, біз жасөспірімдердің вейптарға деген құштарлығы туралы сөйлескен кезде, сапа сертификаттары мен ресми сату нүктелері бар қыздырылатын темекісі бар бірреттік подтар мен өнімдерді ажырату өте маңызды. Олар бойынша бізде, әдетте, заңнама сақталады және бұл құрылғылар кәмелетке толмағандарға сатылмайды.

Жану процесі жоқ өнімдер жасөспірімдер үшін жасалмағанын, тәуелділігінен бірден арыла алмайтын ересек шылым шегушілер үшін жасалғанын түсінген жөн. Бірақ олар денсаулығына қауіпті азайтқылары келеді. Қоғам үшін оларға осы мүмкіндікті беру әділетті, тіпті пайдалы.

Жеке өзім темекіні өздігімнен тастадым, қажетті құрылғыны сатып алдым және басқаларға қауіп төндірмеймін, өйткені мен түтін емес, бу шығарамын. Дегенмен, неге екенін, мені дәстүрлі шылым тартатын орындарға жібереді. Неліктен мен ол жерде темекі түтінін жұтып, өз денсаулығыма зиян тигізуім керек?

Біздің мемлекет бұл мәселеде өте тиянақсыз. Менің ойымша, елімізде құрамында никотині бар өнімді реттеу саласындағы саясатты әлдебір лобисттер анықтайды. Қоғамдық ұйымдар қатты талап ететіні: темекіні вейптармен және айкостармен теңестіру! Ал мемлекет, сол Денсаулық сақтау министрлігі дамыған елдердің тәжірибесін зерделемей, зерттеусіз жәй ғана келіседі. Ал нарықты реттеу қажет болған жерде, ешқандай ережелер жоқ, мысалы «бірреттіктер» жағдайында, онда ештеңе жасалмайды.

— Сіздің ойыңызша, бірреттік вейптардың негізгі қауіпі неде?

 — Нарықты бақылау және реттеу болмаған жағдайда. Дүкендерде сіз кез-келген подты сатып ала аласыз, бірақ оның құрамы мен сапасы қандай екенін ешкім білмейді. Тартымды көрінетін «фломастер» көптеген қауіптерді жасыруы мүмкін. Бірақ сонымен бірге подтар сөрелерде кәмпиттермен бірге тұрады. Бұл асыра айту емес, мен нақты жағдайлар туралы айтып отырмын.

— Яғни, сатудың ресми нүктесінде жасөспірімге түтінсіз гаджет немесе вейп сатып алу мүмкін емес, ал үй жақтағы дүкенде контрафактілік тауарды алу оңай ма?

— Иә, дәл солай. Сондықтан подтарды бақылаусыз әкелу мен өткізуді тоқтату қажет. Бірақ бұл ретте ересек темекі шегушілерге арналған вейптар мен темекі қыздыру жүйелеріне қудалау ұйымдастырмау қажет. Зерттеулер темекі шегушінің денсаулығына негізгі зиянды жану өнімдері, темекі түтіні келтіретінін дәлелдейді. Онда көптеген қауіпті химиялық қосылыстар бар. Темекіні қыздыру жүйесі жануды болдырмайды, ал жану жоқ жерде –  зиян да жоқ. Әрине, мұндай гаджеттер толығымен зиянсыз емес және ешқашан темекі шегуді бастамаған немесе батыл түрде тастаған дұрыс. Бірақ егер темекі шегуші никотинге тәуелділіктен бас тарта алмаса, онда ол кем дегенде денсаулығына және басқаларға зиянды азайтсын.

Жасөспірімдер арасында вейптердің артып келе жатқан танымалдылығымен күресу сылтауымен кейбір қоғамшылдар мемлекеттің темекі шегудің зияны аздау баламаларын одан әрі «реттеуіне» қол жеткізуге тырысады. Бірақ тікелей «бірреттіктермен» ешкім айналыспайды. Ешқандай рейдтер, тексерулер жоқ. Және бұл мені есеңгіретеді.