Басты бет / Жаңалықтар /
b7c2cd0afa762e687b72c488bf4b8e7c Алматы облысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

Алматы облысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

Алматы облысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары марапатталды. Жаңа  мүмкіндік алған қоғамдық бірлестіктердің әр қайсысына грант, яғни 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

«Жаңа бастамалар-жаңа мүмкіндіктер» жәрмеңкесіне тек үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ғана қатыса алады. Дәстүрлі жәрмеңке Алматы облысында жыл сайын ұйымдастырылады. Сәйкесінше аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар жұмысы да қарқын алып келеді.

Биыл қатысушылар 30 жобаны ұсыныпты. Оның ішінен 10-ы грантқа лайық деп таңдалды.  Жеңімпаздар қатарында мүмкіндігі шектеулі балалардың білімдері мен денсаулықтарын қалыпқа келтіруге күш салып отырған ұйымдар да бар.  Сондай-ақ, көпбалалы аналар бастаған бастамада қолдау тапты.  Қонаев қаласындағы «Ана сәулесі» бірлестігінің басшысы 16 жылда алғаш рет осындай қаржылай қолдауға қол жеткіздік деп қуанышымен бөлісті, —  Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok