Басты бетЖаңалықтарДоллар 441–446...

Доллар 441–446 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,5–445,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 443–446,5 теңге аралығында құбылып тұр.

24 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,91 теңгеге өсіп, 444,67 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444,44 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,56 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5–5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,48-5,58 теңгеден сатылып жатыр.